Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол аймақта транзиттік рейстерде қалып қойған клиенттеріне қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бұл көмек Kaspi Travel арқылы тур немесе ұшақ билетін сатып алған азаматтарға қатысты.
Компания мәжбүрлі түрде шетелде қалған кезеңде Kaspi Gold картасына күн сайын материалдық көмек аударады:
• әр ересек адамға – тәулігіне 35 000 ₸
• әр балаға – тәулігіне 15 000 ₸.
Kaspi.kz өз клиенттерімен тұрақты байланыста болып, оларға қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараларды атқарып жатқанын хабарлады.
Компания азаматтарды қауіпсіз жерлерде болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарымен байланыста болуға шақырды.
Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған клиенттеріне материалдық көмек көрсетеді
Фото: ЖИ ChatGPT
