Қазақстанда көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынады, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
"Шын мәнінде жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарларды көрмеге шығаруға, көшпелі зообақтарға, көшпелі океанариумдарға және сол сияқты шараларға тыйым салатын норма қарастырылған. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай көшпелі цирктер, зообақтар және басқаларының қызметі тоқтатылады", – деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Министр негізгі цирктерде жануарларды пайдалануға тыйым салу мәселесі әлі жоспарда жоқ екенін айтты.