Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда семіздік дертіне шалдыққан балалар күрт артқанын жеткізді. Салдарынан көптеген оқушылар ұмытшақтық, жүйке жүйесінің ауруларына шалдыққан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2018 және 2022 жылдар аралығында артық салмақ жинаған оқушылардың саны 1,6 есеге көбейген.
“Ұл-қыздардың 70 пайызы гиподинамия, яғни қимыл-қозғалыстың төмендеуінен туындайтын ауруға шалдыққан. Мұндай балалар жарақат көп алады.
Ал, бастауыш сынып оқушыларының арасында ұмытшақтық, көз және жүйке жүйесінің аурулары жиі тіркеледі. Сондай-ақ, қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген”, – делінген хабарламада.
Мамандар бұл аурулардың дұрыс тамақтанбау мен спортпен шұғылданбаудың кесірінен екенін алға тартты.