Фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші нәтиже көрсетті.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді. Екінші орынға да қытайлық спортшылар жайғасты.
Осылайша, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Бұған дейін Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлде алса, аралас команда күміс медаль жеңіп алған болатын.