BANNER

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Жамбыл облысында ұсталды

Фото: Canva.com

Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Polisia.kz мәліметінше, Алматы – Ташкент автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция жасағы бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды, - делінген хабарламада.

Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен ол Қырғыз Республикасы милициясының өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды.

Тәртіп сақшыларының қырағылығы мен жедел іс-қимылының нәтижесінде ауыр қылмысқа қатысы бар тұлға ұсталып, әділдік салтанат құрды.