Біреудің ақысын жеу, әділетсіздікке көз жұма қарау қазіргі қоғамда қалыпты дүниеге айналып бара жатқандай. Пара алу немесе жемқорлықпен айналысуда сол қатарға кіріп тұр. Өз бас пайдасы үшін өзгенің ақысын жейтін адамдар бүгінгі қоғамның жауы. Мүйізі қарағайдай Қазақстанның осы мәселемен талай жылдар бойы күресіп келе жатқандығы бізге мәлім. Еліміздің ертеңі, болашағымыз дейтін әр Қазақстан азаматы бұл іске бей жай қарамауы тиіс. «Сыбайлас жемқорлық» тұтас әлемге таралған індет сынды, оған қарсы әлемдік вакцина табыладыма белгісіз, алайда елімімізде осы пәлекеттің көзін жою аясында шаралар атқарылып жатқандығы рас. Ғасырлар тоғысынан бері елімізде осы қылмыс түрімен күресу барысында көптеген шаралар жүргізілді. Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін үлкен бағындырған белес болмақ. «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсеттілген. [1] Қоғам қасыретіне айналған бұл індетпен күресу жолында небір заңдармен, реформалар қабылданып талай өзгертіліп толықтырылды. Солардың қатарына қабылданған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» жарлығы да бар еді. Жарлықта осы мәселе тұрғысынан шешімін табуды талап ететін мән-жайлармен, «сыбайлас жемқорлық» көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар тұрғысында сөз қозғалған. Бұл жердегі мақсат мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. [2] «Сыбайлас жемқорлық» көлемінің өсуі билік органдарын бұл құбылысқа қарсы күреске бағытталған көптеген нормативті-құқықтық актілерді қабылдауға мәжбүр етті.
Осы өзекті мәселе тұрғысынан қабылданған бірден бір акт ол 2015 жылы 18 қарашада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы. Осы заңның 12 бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» турасында анық және түсінікті жазылған [3] «Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» жолдауының 13-қадамы жемқорлыққа қарсы іс қимылды күшейтуге арналған. Онда жаңа заңнамалар әзірлей отырып, құқық қорғау органдарының ауқымды бөлігін құрайтын «Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» туралы сөз болған. Шешімі табылмаған өзгеде мәселелер тұрғысынан әсіресе «сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықты» түбегейлі жою, елдің еңсесінің көтерілуі екендігін жар салып аитып-ақ жатыр. [4] Осы індеттің көзін жою аясында Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» құрылып 2021 жылдың қыркүйегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түрлі алаңдарда алдағы бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжат жобасын талқылауды» жалғастыруда. «Жиынды ашқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов аталған құжаттың қоғамның барлық саласына қатысты болатынын атап өтті. Оның айтуынша, Агенттік барлық әлеуметтік топтардың өкілдерімен жаңа құжатты жан-жақты талқылауға мүдделі. Талқылауға қатысушылар салалық мамандар мен сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, стратегиялық құжатты әзірлеу тәсілдері бойынша өз ұсыныстарын айтты.» деп «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» саитында жазған еді. [5] Жемқорлық мәселесі елдің ертеңіне көлеңке түсіретінін анық аңғарған Үкімет шаралар қолдануды шегерген емес. «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР 2011 жылғы 6 қаңтардағы қабылданған Заңына 2015-жылғы 29-қазанда өзгерістер енгізіліп, құқық қорғау органдарының құрамына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі» органы енгізілді. [6] Дегенмен бұл қоғамымызда ісініп барып жарылған жараға ұқсаған, ібіліс ісінің іні мен уытындай жаман аурудан бетер қылмыспен тек осы құрылымдар ғана күресуі тиіс деген сөз емес. Елім, жерім дейтін әр азаматтың жемқорлықпен күресуі шарт. «Пара алу – арын сату» дейді заң ғылымдарының кандидаты Елеужан Серімов. [7] Расында да пара алу, арды ғана емес ой санамен, өз өзіңе деген билікті сатумен тең. Қандайда болмасын жоспарланған немесе жоспарсыз пайдакүнемдік қасиеттің ертең ұрпағының бетіне түсер қара таңба екендігін түсінсеғой парақорлар. Арам ақшаның буына масайрағандар көз алдында болып жатқан әділетсіздікті елемей, адал асты бөліп ішіп отырған қараша халықтың обалына қалып жатар. Осы «сыбайлас жемқорлық салдарынан халықтың билік басына наразылығы немесе, қырын қарауы, олардың істеп жатқан шараларына сенімсіздік білдіретін кездері жиі болады.
Пайдакүнемдікпен, ақшаға құмарту, дүниені сүюшілік дейтін қасиеттері бар адамдар атам заманнан бар, тарих беттерін ақтарып қарап, үңілер болсақ не бір пайда жолындағы құйтырқылықтарды кезіктіруге болады. «Кедейлерге салып шығынды, Негізі байдың тоймайды,» - деп, байлардың тойымсыздығы мен ашкөздігін өткір тілімен түйреген Шортанбай Қанайұлының бұл сөзі бірден бір дәлел болмақ. [8] Тарихы тереңнен бастау алған «сыбайлас жемқорлық» бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдеде қабылданған Қылмыстық кодексiнің 15 тарауы «Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға» арналған тарауда 11 бап бар соған сай «сыбайлас жемқорлықтың» 11 түрі көрсетілген. [9] Осы «сыбайлас жемқорлықты» кодексте қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарасытырады және мұндағы жазалар әр қылымыстың деңгейіне қарай әр қилы тағайындалған.
«Жемқорлық – індет, аластау – міндет» дейді Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы М.Әлімбаев. [10] «Сыбайлас жемқорлық» заманмен бірлесе отырып өсіп, жетіледі. Адамнан кулық асқанба, адамзат баласы ойлап тапқан заттың сырын басқа адам баласы аша алағанындай осы жемқорлық жолында жасалып жатқан шараларды айналып өтіп өрісін кеңге жайып дамып қай жерде ақша, қай жерде пайда бар сонда құлаштанып құшақ жаюда бұл қылмыс. Жемқорлық дем дегенде қызуын су шашып баса қалатын ошақ емес, аранын ашқан, құлқыны кеңге кеткен алапат өрт сынды. Жолындағы санасыз, ойсыз, пайдакүнем, мешкей халықты орап алып тілін халықтың ащы зарына малып жайылып бара жатқан сынды. Әлемнің не бір елі күресіп бағып жеңе алмай келе жатқан бұл індетпен бізде күресудеміз. «Парақор немесе жемқор» деген сөздерге көзде, құлақта әбден үйренгенімен, оғаш естілетін бұл сөздер бүгінгі қоғамға қауіпті қылмыстардың аттары екендігін көп жұрттың білгені дұрыс. Осы жаман аттан сақ болуды ойлайтын ел азаматтары молынан болса қылмыстың бір санаты болсын азаяр еді. Үкіметтің ақшасын қалтасына басқандарын қойып бірлесе отырып елдің қамын ойласа эканомикамыз дамып, еліміздің әлем елдері алдындағы беделі еселеніп өсер еді. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық, теңдік қағидаларын жоққа шығарады. Азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды, өздеріне тиесіліге, өздері лайықты дүниеге қол жеткізулеріне бөгет болады. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр, осы мәселе тұрғысынан елімізде жасалып жатқан тегеурінді саясат жемқорлықты өткен жылдарға қарағанда бәсеңдеткендігін «Сыбайлас жемқорлыққа» қатысты әлемдік статистика туралы саиттан қарауға болады. 2022 жылғы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (Corruption Perception Index) – түрлі елдердің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін өлшейтін жыл сайынғы құрамдас индексінің ақпараттарына сүйенер болсақ 2020 жылы Қазақстан екіжүзге жуық елдер ішінен 94 орынға шығып жақсы көрсеткіштер көрсеткенін байқадық. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп берді, және бұл қараша халық сенген, Президентіміз сеніп тапсыған қызметке адал болмау, абыройды сезінбеу дегенді білдіреді.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері елдің басты бейнесіз жауы осы болып күресіп ақ келеді, сол жылдардан бері қабылданған заңдар мен нормативтік құқықтық ақтілердің санымен, басқада алдын алушылық шараларының саны жетерлік. Еліміз бұнымен тоқтап қалмай осы қатерлі індетпен күресудің озық амалын тауып болашақта еліміз жемқорлықсыз, әділетті дәуірге қадам басады деген үмітіміз шексіз. Егеменді елдің тәуелсіз ұрпақтары теңгемен, дүниенің құлы болмауы тиіс. Азаттықтың әр таңының қадыріне жету біздің міндет. Байлық деген ол ақша емес ол қазіргі бізде бар азаттық. Бабалардың бізге қалдырған байлығын болашаққа сол күйінде табыстау біздегі асыл мұрат. Қазақстанның әрбір азаматы осы жауапкершілікті сезіне отырып дамыған елдің іргесінің қалануына өз септіктерін тигізулері керек. Еліміздегі құқық бұзушылықтармен, бұзақылық, өзгеде қылмыстардың азаюы елдің дамуның бір сатысы болмақ. Ой санасы тәуелсіз жастар, қазақ дейтін көреген халықтың, Қазақстан дейтін егемен елдің кемелді келешегінің кепілі екендігін естен шығармайық.
Коррупциялық қылмыстарға қарсы қолданылатын шаралар. Кожухов Мейрам Мұратұлы Қарағанды қаласының әкімі
Автордан