BANNER

Криптовалюта бағасы күрт өсті

Сурет: pixabay.com

Криптонарықта шарықтау байқалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Биткоин құны 88 мың доллардан асса, «Солана» криптовалютасы 16 пайызға қымбаттаған.

Бұған президент Дональд Трамптың АҚШ-тың стратегиялық криптовалюталар резервін құру туралы бастамасы түрткі болды. Қорға дәстүрлі биткоиннан бөлек XRP, SOL және ADA токендері кірмек. Оның мақсаты - Құрама Штаттарды әлемдік криптовалюталар орталығына айналдыру.