BANNER

Маңғыстау облысында алабай оқушыны талап тастады

Фото: видео скрин

Маңғыстау облысында қабаған алабай оқушыны талап тастады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Иттен қолымен қорғанған 15 жастағы бала қазір ауруханада жатыр. Оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Ит талап тастаған жеткіншекке куәгерлер араша түсіп, полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырыпты.

Олардың айтуынша, бала мектепке қарай бара жатқан екен. Сол сәтте тұтқиылдан алабай тап берген. Тәртіп сақшылары иттің иесін тауып, тұрғынға үй жануарын ұстау ережесін бұзғаны үшін 40 мың теңге айыппұл салған. Дәрігерлер оқушының жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. 

"Ит шынтақтан төмен жағынан тістеген. Бала ит шапқан кезде қолымен қорғанған. Сол үшін тек қол аймағын тістеп тастаған. Ал қалған жерi сау. Тек дәрі-дәрмек беріліп, антибактериялдық және құтырмаға қарсы вакцина салынды”, – дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Нұрсұлтан Нұрымов.