BANNER

Маңғыстауда бір отбасының жеті адамы газдан уланып қаза тапты

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұтас бір отбасы уланып қалған. Оқиғаның себебін анықтау үшін комиссия құрылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

2 наурызда Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасы мүшелері уланып қалған. Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жеткен кезде үйден жеті адамның мәйітін тапқан, олардың бесеуі - кәмелетке толмаған бала. Барлығы оқиға орнында қайтыс болған.

Маңғыстау облысы ТЖД-нің алдын ала болжамы бойынша қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан болған.

Қаза тапқандар - Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары. Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.

"Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі. Бұл оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында", - деп жазылған хабарламада.