BANNER

Мектептерде бала құқығын қорғайтын QR-кодтар пайда болады

Фото: tengrinews.kz

Білім және ғылым министрлігі "Bala Qorgau" интернет-ресурсын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Енді мектептерде жобаның QR-коды орнатылып жатыр. QR-кодты сканерлеу арқылы оқушылар "Bala Qorgau" сайтына өтіп, сұрақтарын қоя алады. Өтініш білдірушілердің аты-жөні жасырын болып қалады.

Бүгінге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматының бірнеше мектебінде QR-тақтайшалар орнатылды. Алдағы уақытта жоба басқа да білім беру ұйымдастырылады.