Науқанның соңғы аптасы – партиялар дауыс беруге санаулы күн қалғанда өңірлерді аралауды аяқтап жатыр

Сурет: ЖИ

«Әділет» — Өңірлерде еңбек ұжымдарымен кездесіп, өндіріс, білім, цифрландыру мәселелерін талқылады.

ЖСДП — Инклюзия, әлеуметтік қолдау, еңбек құқықтары, қарттарға көрсетілетін қызметтерді көтерді.

«Байтақ» — Экология, қалдықтарды басқару, көгалдандыру және табиғатты қорғау мәселелерін талқылады.

ҚХП — Медицина, мәдениет, әлеуметтік қорғау және сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігін қарастырды.

«Ауыл» — Оралда жастар алдағы сайлауға арналған «Біздің таңдауымыз» флешмобын өткізді.

«Ақ жол» — Әлеуметтік қорғау, жалақы, зейнетақы, көпбалалы отбасыларды қолдау мәселелерін көтерді.

Respublica — Өнеркәсіп, жұмыс орындары, энергетика, білім, студенттік инфрақұрылым мәселелерін талқылады.