Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алмас Кішкенбаевты 15 тәулікке қамау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Сот процесі жабық түрде өтті.
Алмас Кішкенбаевтың әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды. Кішкенбаев мас күйде қоғамдық тыныштық бұзды деп айыпталды. Оның кінәсі айғақтармен дәлелденді, дейді ведомстводағылар.
Айыпталушы оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан.
Сот Алмас Кішкенбаевты 15 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Алмас Кішкенбаев бозбалаға тиісті деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Әнші курьер арқылы сыраға тапсырыс берген. 17 жастағы курьер сыраны жеткізгенде әнші бірге ішуге ұсыныс жасап, оған дөрекі қылық көрсеткен.