BANNER

Оралда студенттерді бопсалады деген күдікпен қыздар ұсталды

Фото: yandex.kz

Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды LIFE09  ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

"Сонымен қатар, тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген", — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.