Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: ЖИ ChatGPT

Павлодар қаласында шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оқиға Академик Сәтбаев көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, реанимобиль жарқылдауық шамдары мен дабыл белгісін қосып келе жатқан кезде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 Дереккөз: Stan.kz