Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуде өтетін кездесуге шақырды

Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Ақорда баспасөз қызметі.

"Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шартына қатысушы мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.