Әр дауыс – елдік мұраттың айғағы

Сурет: Береке Шалова

Қоғамның саяси мәдениетін айқындайтын ең маңызды демократиялық институттардың бірі – сайлау. Ол тек дауыс беру науқаны ғана емес, азамат пен мемлекет арасындағы сенімнің көрінісі, заң үстемдігі мен қоғамдық жауапкершіліктің өлшемі. Бүгінде Балқаш қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық қызу жүргізілуде. Сайлау учаскелерінің әзірлігі, комиссиялардың кәсіби дайындығы, цифрлық мүмкіндіктер, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жасалған жағдайлар – барлығы да басты назарда. Алдағы саяси науқанның ұйымдастырылуы туралы Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы ГүлмираАғдарбековамен сұхбаттасқан едік. Әңгіме барысында сайлауды ұйымдастырудың негізгі кезеңдері, комиссиялардың дайындығы, мүгедектігі бар азаматтарға жасалған қолайлы жағдайлар және мүшелердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды.

– Гүлмира Жеңісбекқызы, кез келген сайлаудыңтабысты өтуі нақты дайындықтан басталады. Балқаш қаласы бұл маңызды саяси науқанғақандай дайындықпен келіп отыр?

– Расында да, сайлаудың сапасы ең алдымендайындық деңгейімен өлшенеді. Біздің негізгімақсатымыз – әрбір азаматтың конституциялыққұқығын еш кедергісіз жүзеге асыруына мүмкіндікжасау және сайлаудың заң талаптарына толықсәйкес өтуін қамтамасыз ету. Биылғы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Балқаш қаласында 51 мың 32 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 265 азамат мүмкіндігі шектеулі жандар санатынажатады. Олар үшін де сайлауға толыққандықатысуға барлық жағдай жасалып жатыр. ҚаладаҚұрылтай депутаттарының сайлауын 37 сайлаукомиссиясы ұйымдастырады. Оның біреуі – аумақтық, ал 36-сы учаскелік сайлау комиссиялары. Жалпы комиссиялар құрамында 257 адам еңбекетеді. Барлық құрам заң талаптарына сай толықжасақталып, учаскелердің шекаралары бекітілді.

Биылғы ерекшеліктің бірі – «Kazakhmys Smelting»өндірістік кешенінде жаңа сайлау учаскесініңашылуы. Бұл өндірісте еңбек ететін азаматтардыңжұмыс орнынан қол үзбей дауыс беруіне мүмкіндікбереді. Осылайша қалада шектеулі қолжетімділігібар екі жабық сайлау учаскесі жұмыс істейді.Комиссиялардың орналасқан жерлері, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы барлық ақпарат қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған. Сонымен бірге бұл мәліметтер жергіліктібұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарғакеңінен жеткізілді.

– Бүгінде қоғам сайлаудың әділдігімен қатароның ұйымдастырылу сапасына да үлкен мәнбереді. Материалдық-техникалық қамтамасызету деңгейі қандай?

– Әрине, сайлаушы өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінуікерек. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстаререкше бақылауда. Қаладағы сайлау учаскелерінің басым бөлігі білім беру мекемелерінде орналасқан. Атап айтқанда, 20 учаске мектептерде, 9 учаске әлеуметтік-мәдени нысандарда, 4 учаске колледждерде, сондай-ақ орталық ауруханада, «Kazakhmys Smelting» кәсіпорнында және ветеринариялық стансада бір-бірден орналасқан.Барлық ғимараттардың техникалық жағдайықанағаттанарлық. Апатты нысандар жоқ. Мектептердегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.Орталық сайлау комиссиясының қолдауымен дауысберуге арналған кабиналар жаңартылып, тозығыжеткен стационарлық және тасымалданатынжәшіктер ауыстырылуда. Сонымен қатар, жаңаақпараттық стендтер сатып алынды.

– Қазіргі сайлау үдерісінде цифрлықтехнологиялардың рөлі артып келеді. Бұлбағытта қандай жаңашылдықтар енгізілуде?

– Бүгінде ашықтық пен қолжетімділік – бастыталаптардың бірі. Барлық сайлау учаскелері жоғары жылдамдықтағы интернетпен және стационарлық телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Қазіргітаңда 34 сайлау учаскесінде бейнебақылаужүйелері жұмыс істейді. Бұл барлық учаскелердің94,4 пайызын құрайды. Тек Гүлшат жәнеТоранғалық кенттеріндегі клубтарда орналасқан екіучаскеде бейнекамера жоқ.

Учаскелік комиссиялар 3 тамыздан бастапжұмысын бастайды. Тұрғындар таңғы 09:00-ден кешкі 18:30-ға дейін келіп, өздерінің сайлаушылартізіміне енгізілгенін тексере алады. Сонымен қатар,27 ірі сайлау учаскесінде азаматтардың тіркелуі жөніндегі мәліметтерді «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн тексеруге мүмкіндік беріледі. Барлық учаскелердің техникалық дайындығын төтенше жағдайлар қызметі, полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тексеріп жатыр.

– Мемлекет басшысы әрдайым инклюзивтіқоғам құрудың маңызын айтып келеді. Сайлауда ерекше қажеттілігі бар азаматтарғақандай жағдай жасалған?

– Біз үшін әрбір азаматтың дауысы бірдеймаңызды. Барлық 36 сайлау учаскесі бірінші қабатта орналасқан. 32 учаскеде талапқа сайпандустар бар. №5 мектеп пен балалар өнермектебінің филиалында көтергіш құрылғыларорнатылған. Ал, төрт нысанда олардың қажеттілігіжоқ. Барлық учаскелер шақыру батырмаларымен, тактильді бағыттағыштармен, арнайы кабиналармен, ақпараттық бұрыштармен және экрандық қолжетімділік бағдарламасы бар компьютерлермен жабдықталған. 33 учаскеде бейімделген санитарлық тораптар жұмыс істейді.Инватакси мен сурдоаудармашы қызметтері де алдын ала қарастырылған. Сонымен бірге қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік сала мамандары және сарапшылардан құралған мобильді жұмыс тобы құрылды. Олар 3 тамыздан бастап барлықсайлау учаскелерін аралап, қолжетімділік деңгейінебағалау жүргізеді.

– Сайлау комиссияларының кәсіби даярлығықалай ұйымдастырылып жатыр?

– Сайлау комиссиясының әрбір мүшесі заңнаманыжетік білуі тиіс. Сондықтан, оқытуға ерекше көңілбөлінуде. 24 шілдеде Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Д.Уатай учаскелік комиссиялардың төрағалары мен хатшыларына арналған тәжірибелік семинар өткізді. Онда дауыс беру күніндегі барлық рәсімдер кезең-кезеңімен түсіндірілді. Қазір каскадтық тәсілмен қалған комиссия мүшелеріне де оқыту жүргізілуде. 27 шілдеден бастап басшылық құрам заңнаманы білу бойынша тест тапсырды. Бүгінде төрағалар, олардың орынбасарлары мен хатшылардың 100 пайызы тестілеуден сәтті өтті. Қалған мүшелертамыздың алғашқы онкүндігінде оқып, білімдерінтексереді.

– Бүгінде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі жүріпжатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы не айтасыз?

– Сайлауалды үгіт-насихат 23 шілде күні сағат18:00-де басталды және дауыс беру алдындағыкүннің 00:00-де аяқталады. Заң талаптарына сәйкес дауыс беру күні және оның алдындағы күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Қала әкімдігінің қаулысымен саяси партиялардың баспа материалдарын орналастыру үшін 16 арнайы орын белгіленді. Сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғалардың сайлаушылармен кездесетін орындары анықталып, бұл туралы ақпарат ресми жарияланды. Қазіргі таңда аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларын тіркеуді жалғастыруда.

– Әңгімемізді түйіндесек...

– Сайлау – мемлекеттің ғана емес, әр азаматтыңжауапкершілігі. Әрбір берілген дауыс – елдіңертеңіне қосылған үлес. Сондықтан, барлықбалқаштықтарды белсенділік танытып, өзтаңдауларын жасауға шақырамын. Біздің бастыміндетіміз – әр сайлаушыға тең мүмкіндік жасап, сайлаудың ашық, әділ әрі заң аясында өтуінқамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар толықбақылауда болады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Нұрдос КӘРІМ.