Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?

Фото: ИИ

Партиялар өңірлерде сайлаушылармен кездесіп, түрлі салалардағы өзекті мәселелерді талқылады.

«Әділет» партиясы: Ақмола облысында өткен кездесулерде цифрландыру, инфрақұрылым, спорт, туризм және агроөнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланды.

ЖСДП: Партия білім сапасы, кадр тапшылығы, мектеп инфрақұрылымы педагогтерді қолдау мәселелеріне арналған конференция өткізді.

Respublica партиясы: Партия білім беру бастамаларына қатысты пікір білдіріп, Жезқазғанда өнеркәсіп, медицина, жол мәселелерін талқылады.

«Байтақ» партиясы: Ақтауда медицина, экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша емхана қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Қазақстан халық партиясы: Партия тарихи жады, архивтік зерттеулер, іздестіру жұмыстарын қолдау мәселелеріне арналған меморандумға қол қойды.

«Ауыл» партиясы: Қостанай облысында агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік, инфрақұрылым және еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.

«Ақ жол» партиясы: Қарағанды өңірінде өнеркәсіпті дамыту, салық саясаты, өндіріс және жаңа жұмыс орындары мәселелері қарастырылды.