BANNER

Ресей астанасын Сібірге көшіру ұсынылды

Фото жүктелмеген

Ресейлік миллиардер, "Вольное дело" қорының негізін салушы Олег Дерипаска Ресей астанасын Мәскеуден Сібірге ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Красноярск экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Дерипаска Ресейдегі "басқару жүйесін өзгерту" қажет екенін айтты.

"Мен әрдайым айттым: бұл утопия сияқты, біздегі барлық қызығушылық Азияда болса, неге астанамыз Мәскеу? Егер ел астанасы Новосібір, Краснояр қаласы болса басқаша көрінуі мүмкін бе? Басқарудың бір бөлігін осында көшірейік. Жаңа банктер, жаңа қаржы институттарын ашайық. Мәскеуге қарапайым нәрселер үшін ұшудың мәні неде?"- деді бизнесмен.

Миллиардердің айтуынша, ол өзі үшін көптеген қорытындылар жасаған және онымен бөлісуге дайын.

"Бірақ мен бірінші кезекте бейбітшілік орнағанын қалаймын", - деп түйіндеді Дерипаска.