Ресейде Facebook пен Twitter бұғатталды

Фото жүктелмеген

Роскомнадзор Facebook пен Twitter желілерін бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Роскомнадзор Ресей аумағында Facebook пен Twitter желілерін бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Сайттардың бұғатталуын тексеретін Роскомнадзор әмбебап қызметіне сәйкес РФ Бас прокуратурасының 24 ақпандағы талабы негізінде Ресейде Twitter.com ресурсына кіру шектелді.

"2022 жылғы 4 наурызда Ресей Федерациясы аумағында Facebook желісін бұғаттау туралы шешім қабылданды (Media Platforms, Inc. компаниясына тиесілі)", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Роскомнадзор мәліметінше, 2020 жылғы қазаннан бастап Facebook тарапынан ресейлік БАҚ пен ақпарат ресурстарын кемсітудің 26 дерегі тіркелген.

"Соңғы күндері "Звезда" телеарнасы, "РИА Новости", Sputnik, Russia Today ақпарат агенттіктері, "Лента.ру" және "Газет.ру" ақпарат ресурстарының әлеуметтік желідегі аккаунттарына шектеу қойылды", - деп жазылған хабарламада.