Салық кодексіне ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған негізгі өзгерістер ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған, салық төлеушілер үшін электрондық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалық өнім – "салықтық мобильді қосымша" ұғымы енгізілді.
- Жеке тұлғалар үшін бұл «Е-Salyq Azamat» ол арқылы мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша есептелген сомалар және салық берешегінің сомасы туралы мәліметтер ұсынылды. Жеке кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнайы салық режиміне ұқсас жасалған «Е-Salyq Business» пайдаланылады. Артықшылықтарына, салық есептілігін ұсынудың қажеті еместігі жатады, яғни, бағдарламаның өзі салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейтін болады және осы режимді қолданатын кәсіпкерлер күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасын төлейтін болады – Смағұлов Нұрлан Белгібайұлы – Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы Өңірлік коммуникация қызметінде баяндады.
Сөзінше, Онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолдану оларды мобильдік төлемдер арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар кезінде де пайдалану қажет, себебі «ақшалай есеп айырысулар» ұғымына мобильдік төлемдерді пайдалана отырып жасалатын есеп айырысулар да енгізіледі. Мемлекеттік бақылаудың жаңа өзге нысаны – «тауарлар айналымының қадағалануы» енгізіледі. Бұл норманы енгізу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы 2019 жылғы 29 мамырдағы келісімге қол қоюымен байланысты. Тауарлар айналымының қадағалануы қадағалануға жататын тауарлардың және Ұлттық қадағалау жүйелерін, яғни ЭШФ АЖ пайдалана отырып, осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялардың есебін ұйымдастыруды көздейді. Салық төлеушілер үшін электрондық құжаттар түрінде ілеспе құжаттарды ресімдеу міндеті көзделеді.
Сондай-ақ, ҚР аумағында жоқ өндіріс құралдары бойынша импортталатын тауарларға ҚҚС есепке алу әдісінің қолданылу мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды (427 және 428-баптардың нормасы 1.01.2022 ж.дейін қолданылады).
ҚҚС есепке алу әдісімен төленетін Қазақстан аумағына импортталатын тауарлар тізбесіненпестицидтер, барлық түрдегі асыл тұқымды жануарлар және ірі қара малды қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар алынып тасталады.
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап сауда және қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық төлеушінің паспорты енгізіледі, ол салық органдары қалыптастырған салық төлеушінің деректеріне олардың салық міндеттемелерін орындауы туралы ашық қолжетімділік беру мақсатында және халықты (сатып алушыларды, қызметтерді пайдаланушыларды), контрагенттерді және т. б. хабардар ету мақсатында енгізіледі. БКМ тікелей орналасқан және халықты ақпараттандыру үшін жалпыға қолжетімді орындарда орналастырылады. Паспорт ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті қалыптастыратын QR-код болып табылады. Сондай-ақ, осы жылдан бастап Кодексте салық салынатын кірісті айқындау мақсатында ЕТЖ (ең төменгі жалақы 2022ж.-60 000 теңге) эквиваленті АЕК (айлық есептік корсеткіш 2022ж.-3063 теңге) эквивалентіне ауыстырылады.