Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Еске сала кетсек, 14 қаңтарда комитет Самат Әбіштің еңбек демалысында екенін мәлімдеген еді.
«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Үстіміздегі жылғы 13 қаңтардан бастап ол жыл сайынғы демалысында» делінген хабарламада.
Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.
2013-2015 жылдары – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде – 2015 жылғы желтоқсаннан бері.