Шымкентте 3 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалған.
Жыл басынан бері мегаполисте терезеден құлаған 9 бала тіркелген. Оның төртеуі қаза тауып, бесеуі түрлі дене жарақатын алған.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және терезе қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Дереккөз: Qazaqstan.tv
Шымкентте 3 жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап көз жұмды
Фото: ЖИ ChatGPT