Қарағанды облысында туристік ағын артты

Фото: Gemini ИИ

Осы жазда Қарағанды облысына 400 мыңнан астам турист келді. Демалушылардың әр екіншісі Балқаш курорттық аймағын таңдаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Туристердің басым бөлігі Балқашқа көлікпен жетсе, Астана мен Алматыдан ұшқан 16 мыңға жуық адам әуе рейстерін пайдаланған. Сондай-ақ, Қарағанды–Балқаш бағытындағы қосымша алты вагонмен 13 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

Алдағы уақытта Балқаш пен Қарқаралыда туристер үшін жаңа жобалар іске қосылмақ.