Танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары Әділжан Юсупов дүниеден өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы белгілі продюсер Баян Мақсатқызы инстаграм парақшасында жазды.
"Бүгін біз Адикпен қоштастық. Сен сондай жақсы адам, жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудеміздегі жанымыз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол.", - деп жазды Баян Мақсатқызы стористе.
Әділжан Юсупов - отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған танымал продюсер. Ол дарынды әнші, продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі. Ерлі-зайыптылар 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған.
Әділжан Юсупов қазақстандық шоу-бизнестегі түрлі өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеді.