BANNER

Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қызметінен кетті.

Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеді. Оның үндеуі палатаның сайтында жарияланды.

"Бүгіннен бастап мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды", -деді Құлыбаев үндеуінде.

Ол "Атамекен" ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығын білдірді.