Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы У Вон Шикпен кездесті, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты.
Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті. Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді.