БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі ұйымының мәліметі бойынша, Украинадағы шиеленісте жалпы саны 1 335 адам жапа шекті, деп жазды inbusinesses.kz ұйымның есебіне сілтеме жасап.
БҰҰ есебіне сүйенсек, 7 наурыздағы жағдай бойынша Украинада бейбіт тұрғындар арасында 474 адам қаза тауып, 861 адам жараланды. Қаза тапқандар арасында 29 бала бар.
"Бейбіт тұрғындардың көпшілігі әуе шабуылдарынан және жарылғыш құралдардан қаза тапты, соның ішінде ауыр артиллерия мен бірнеше зымыран тасығыштар да бар. Салдарынан Чернигов, Харьков, Херсон, Мариуполь және Киев сияқты көптеген қалаларда жүздеген тұрғынның үйлері зақымданды немесе толығымен қирады", – деп жазылған хабарламада.