Енді видео Ресейде қаралым жинағанына қарамастан контент жасаушы одан пайда таба алмайды. YouTube видеохостингі Ресей Федерациясында монетизацияны толық тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Біз YouTube Premium және Music Premium жазылымдарын, арналардың демеушілігін, суперчаттарды, суперстикерлерді және Ресейден келген көрермендерді қоса алғанда, монетизацияның барлық мүмкіндігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдадық", - деп жазылған компания таратқан хабарламада.
Бұл YouTube-те контент жасаушылардың видеосы Ресейде қаралым жинамағанына қарамастан одан пайда таба алмайтынын білдіреді.
"Өзгеріс Ресейден тыс жердегі пайдаланушыларға табысын алуға әсер етпейді", - деп жазылған хабарламада.