ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Фото: Life09

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы Қазақстанның еңбегіне жоғары баға берді.

 

Ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файездің айтуынша, домбыра – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәдени құндылығы.

 

«Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраны ерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайды», – деді Найеф әл-Файез.

 

Ол сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Қазақстанның ұлттық мұранысақтау жолындағы бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.

 

«ЮНЕСКО Қазақстанның осы бірегей музыкалық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету жолындағы қадамдарын жоғары бағалайды», – деді ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары.

 

Айта кетейік, қазақтың дәстүрлі күй орындау өнері 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген. Ал 2022 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлық мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

 

Бүгінде домбыра үні ЮНЕСКО қабырғасында жиішырқалады. Қазақстандық дипломаттардың қатысуымен өтетін мәдени іс-шараларда ұлттық аспаптың үні тұрақты түрде естіліп, шетелдік көрерменнің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып келеді.