Полиция Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады, сонымен қатар оның қашып кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды.
Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігінде (Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген 30 жастағы ер адамның қашып кеткені туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат жындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Ол 2022 жылдың 6 мамырында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) қамауда отыр.
Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Басқа мәліметтер жария етілмейді.