Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
"Менімен күш сынасуға "Канелоның" ғана батылы жететін сияқты. "Канело", ақпанда жұдырықтасайық. Менің дивизионымдағы чемпиондар жекпе-жекке шығуға қорқады. Әлемге жақсы боксты көрсетейікші", - деп жазды Әлімханұлы.