Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Сүйіндік Жанысбай – 75 жаста. Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде мерейтой иесінің «Әлихан – Алаш көсемі» атты шығармашылық кеші өтті.
Кеш барысында Сүйіндік Жұмабайұлының «Әлемге әйгілі Әлихан» атты жаңа деректі романы оқырманға жол тартты.
Іс-шара мерекелік концертке ұласты. Әрі автордың шығарған кітаптарынан арнайы көрме ұйымдастырылды.
Материалдың толық нұсқасын «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz