«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, ел тұрғындарының басым бөлігі Конституциялық реформа жөніндегі ақпараттан хабардар, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 67,1%-ы жаңа Конституция жобасының мазмұнымен толық немесе жартылай таныс екенін айтқан. Ал 27,3%-ы құжаттың талқыланып жатқанын естігенін жеткізген.
Респонденттердің 90,9%-ы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдайды. Оның ішінде 67,1%-ы толық қолдайтынын, ал 23,8%-ы көбіне қолдайтынын білдірген.
Зерттеу 16 ақпан мен 4 наурыз аралығында өткізілді. Сауалнамаға еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаладан, жасы 18-ден асқан 8 мың адам қатысты.

