Air Astana әуе компаниясы халықаралық бағыттар желісін кеңейтіп, Қытай мен Үндістанға ұшатын рейстердің жиілігін арттырады, деп хабарлайды LIfe09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Компанияның хабарлауынша, қосымша рейстер Астана – Бейжің, Алматы – Шанхай, Алматы – Үрімші, Алматы – Гуанчжоу және Алматы – Дели бағыттарында іске қосылады.
Жаңа рейстер жолаушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Азия елдері арасындағы әуе қатынасын одан әрі күшейтеді.
Air Astana Қытай мен Үндістан бағыттарына рейстер санын көбейтеді
Фото: Gemini ИИ