2026 жылғы 29 сәуір күні Қарағанды қаласында Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республикалық «Түлектердің ағаш егуі» челленджі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Ауқымды экологиялық бастама жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Челленджге Қарағанды қаласының жетекші білім беру ұйымдарының мектеп бітіруші түлектері белсенді қатысып, қаланы көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты. Атап айтқанда:
* «№27 жалпы білім беретін мектеп» КММ
* «Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
* «Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
Іс-шара барысында түлектер ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты қорғау мен оны аялаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Бұл бастама жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға ықпал етті.
АҚПАРАТ / ИНФОРМАЦИЯ Қарағандыда Республикалық «Түлектердің ағаш егуі» челленджі өтті
фото автордан