Ақтөбе облысында 10 жасар баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда

Фото: Life09

Мәртөк ауданындағы Сарыжар ауылынан 5 шақырым жерде, Елек өзенінің маңында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар мен еріктілер іздеп жатыр.
Соңғы деректер:
• Қатысушылар: 90-ға жуық адам жұмылдырылды.
• Су астында: ТЖМ-нің 3 сүңгуір тобы 23 рет суға түсіп, 550 метр аумақты мұқият тексерді.
• Жағалауда: Екі бағыт бойынша 22 шақырымға жуық жер жаяу тексерілді.
Іздестіру шаралары ТЖМ мамандарының жіті бақылауында.
Дереккөз: Qazaqstan.tv