Алматыда 12 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Фото: Gemini ИИ

Алматы қаласының Түрксіб ауданында қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер арасындағы жанжал барысында 12 жастағы бала бірнеше пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті ретінде 13 жастағы жасөспірім анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Марқұмның туыстары істің әділ әрі жан-жақты тергелуін және кінәлілердің заң аясында жауапқа тартылуын талап етіп отыр.