Қазақстан мен Гонконг арасындағы әуе қатынасы кеңейіп, 2027 жылдың бірінші тоқсанынан бастап Алматы – Гонконг бағыты бойынша тікелей рейстер ашылмақ, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Жаңа бағытты Гонконгтың ұлттық әуе тасымалдаушысы Cathay Pacific әуе компаниясы жүзеге асырады. Рейстер Airbus A330-300 ұшақтарымен аптасына үш рет орындалады деп жоспарланған.
Бұл Қазақстан мен Гонконг арасындағы алғашқы тікелей әуе бағыты болмақ. Жоба туристік, іскерлік және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.
Cathay Pacific әлемнің 200-ден астам бағытына жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады.