Елордада полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан бөлімдері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Қала аумағында патруль саны көбейіп, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігіне бақылау күшейтілген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, мұндай шаралар 28–29 мамыр күндері өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен V Еуразиялық экономикалық форумына байланысты қабылданған.
Құқық қорғау органдары әсіресе адам көп жиналатын орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр.
Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Фото: Gemini ИИ