Астанадағы мектептердің бірінде оқушы қыздардың жанжалы төбелеске ұласты. Оқиғаның видеосы желіде тарады. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, төбелеске қатысқан оқушылар мектепте есепке алынды. Мектеп әкімшілігіне сөгіс жарияланды. Жасөспірімдердің ата-анасы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қалалық полиция қылмыстық іс қозғады.
Дереккөз: @sputnik_aitady