Бүгін – Алаш ардақтысы, ұлт мақтанышы Әлімхан Ермековтің туған күні

Постер: ЖИ Gemini

Әлімхан Ермеков – Қазақ елінің бүгінгі шекарасының негізін қалап, оны Лениннің алдында қорғап шыққан бірегей тұлға. Оның математикалық дәлдігі мен қайсарлығының арқасында Каспий жағалауы мен солтүстік өңірлер Қазақстан құрамында қалды.

Ол туралы маңызды 3 дерек:

Тұңғыш профессор: Математика саласында қазақтан шыққан тұңғыш профессор. Оның «Ұлы математика курсы» оқулығы ұзақ жылдар бойы іргелі еңбек болды.

Шекара күзетшісі: 1920 жылы Мәскеудегі жиында Қазақ автономиясының жерін ғылыми негізде дәлелдеп, картасын бекіттірген.

Қарағанды мақтанышы: Ғұмырының соңғы жылдарын Қарағандыда өткізіп, ҚарТУ (Политех) мен ҚарУ-да дәріс беріп, ғылымның дамуына үлес қосты.

Ұлтқа қызмет етудің шынайы үлгісін көрсеткен тұлғаның есімі мәңгі жадымызда!