Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

Фото: ЖИ Gemini

Күн тәртібіне сәйкес, келесі мәселелер қарастырылды:

2026 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары қызметінің нәтижелері;

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының қорытындысы;

Саран қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына жүргізілген мониторинг нәтижелері;

«Қарағанды Су» ЖШС комплаенс-офицерінің квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу және ішкі бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру бойынша атқарған жұмыстары.

Отырыс барысында ұсынылған баяндамалар талқыланып, мемлекеттік қызмет саласында заңнаманы сақтау, әдеп нормаларын нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.