2026 жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қарағанды облысы ішкі сауда көлемі жөнінен Қазақстандағы көшбасшы бес өңірдің қатарына кірді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, өңір елдегі жалпы сауда көлемінің 6,1 пайызын қамтамасыз еткен.
Рейтингте көш бастап тұрған өңірлер мен қалалар: Алматы қаласы (жалпы сауда көлеміндегі үлесі – 34,5%), Астана қаласы (13,9%), Атырау облысы (11,5%), Қарағанды облысы (6,1%) және Шымкент қаласы (5%).
Жалпы алғанда, Қазақстанның ішкі сауда саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Саланың нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады. Оң динамика көтерме саудада да, бөлшек сауда сегментінде де байқалады.