Қарағанды облысында «Кенесары хан додасы» этноқұрылтайы өтеді

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан

20 маусым күні Қарағанды облысында «Кенесары хан додасы» этноқұрылтайы ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар ұлттық мәдениет пен спорт мерекесінің бір бөлшегіне айналғысы келетін барша тұрғындарды шараға қатысуға шақырады.

Қонақтарды дәстүрлі спорт түрлерінен өтетін тартысты жарыстар күтіп тұр. Бағдарлама аясында көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, ұлттық мәдениет элементтерінің көрмесі және ашық аспан астындағы fashion-дефиле өтеді. Қатысушылар мен қонақтар Ұлы даланың салт-дәстүрлерімен, халық шығармашылығымен және этникалық мұраның заманауи үлгілерімен танысуға мүмкіндік алады.

Өтетін орны: Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Turan-El Qazaq Sport ат спорты клубы, 033 есептік орамы, 325-учаске.

Басталуы 10:00-де.

Этноқұрылтай TuranEl QazaqSport орталығының қолдауымен өтеді.