Өңірімізге маңызды жұмыс сапарымен Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының үйлестірушісі Саранго Раднарагча бастаған делегация келді. Қонақтар арасында Еуропа елдерінің дипломаттары да бар.
Кездесудің басты тақырыптары:
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен өткен кездесуде әйелдер құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы құндылықтарын қолдау мәселелері талқыланды.
Қарағанды тәжірибесі:
Өңірде 13 отбасын қолдау орталығы табысты жұмыс істеп тұр.
Жыл басынан бері бұл орталықтар 1000-нан астам адамға 2000-ға жуық түрлі көмек көрсеткен.
Психологиялық, заңгерлік қолдау және жұмысқа орналастыру тетіктері жолға қойылған.
Халықаралық баға:
Саранго Раднарагча облыстың бұл бағыттағы жұмысына жоғары баға беріп, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді. Делегация құрамындағы дипломаттар Салли Аксворти, Сильван Гиоге және Джорджио Помпилио екі күн бойы өңірдегі әйелдер мен балалар құқығын қорғайтын орталықтардың жұмысымен жақыннан танысады.
Әйел мен бала қауіпсіздігі – басты назарда!