Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің жеке құрамы қызметтік міндеттерін атқару үшін Қарағанды қаласынан Астанаға аттанды.
Бұл іссапар елордада өтетін Regional Environmental Summit (RES 2026) халықаралық саммиті кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға 320-дан астам ұландық жұмылдырылып, олар күшейтілген режимде қызмет атқарады.
Әскери қызметшілер өздеріне жүктелген жауапты міндеттерді жоғары деңгейде орындауға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау жолында кәсіби шеберлік танытуға толық дайын. Бөлімше құрамының өзара үйлесімді іс-қимылы – қойылған тапсырмалардың сапалы орындалуының кепілі.
Қарағандылық ұландықтардың бұл сапары — әскери тәртіп пен антына адалдықтың, жоғары ұйымшылдықтың айқын үлгісі.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі