Қазақстанда банктер мен коллекторлардың борышкерлерге қоңырау шалу тәртібіне жаңа шектеулер енгізілді

Фото: Gemini ИИ

Енді қаржы ұйымдары жұмыс күндері сағат 08:00 мен 21:00 аралығында борышкерге тәулігіне 3 реттен артық хабарласа алмайды. Ал, демалыс және мереке күндері қоңырау саны 2 реттен аспауы тиіс, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, байланысқа шыққан қызметкер өзін және өзі өкілдік ететін ұйымды таныстырып, қарыздың негізгі сомасы, сыйақысы мен есептелген айыппұлдар туралы толық ақпарат беруге міндетті.

Жаңа талаптарға сәйкес, борышкерлерге психологиялық қысым көрсетуге және олардың мазасын шамадан тыс алуға қатаң тыйым салынады.