Ел аумағында шамамен 500-ге жуық жол учаскесінде байланыс жоқ, оның жартысына жуығы республикалық маңызы бар трассаларға тиесілі, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Мысалы, Астана – Алматы және Алматы – Өскемен бағыттарында жолаушылар ұзақ уақыт бойы байланыссыз қалады. Бұл жағдай жол апаты немесе көлік істен шыққан сәтте көмек шақыруды қиындатып, қауіпсіздікке әсер етеді.
Осы мәселені Парламент Мәжілісінің депутаты Руслан Қожасбаев көтеріп, жолдарды мобильді интернетпен қамту бойынша Үкіметке нақты ұсыныстар жолдады.
Фото: Gemini
Қазақстанда жол бойындағы интернет мәселесі әлі де өзекті
Фото: Gemini ИИ