Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы Гран-при кезеңінде бақ сынайды

Фото: Gemini ИИ

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Батумиде өтетін мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысушылардың алдын ала құрамын жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі QAZSPORTTV-ға сілтеме жасап.

Қазақстан атынан жарысқа жекелей сырғанау және мұздағы би бағыттары бойынша спортшылар қатысады.

Ерлер арасындағы жекелей сында ел намысын Артур Смагулов қорғаса, әйелдер арасында Мария Санникова өнер көрсетеді.

Ал мұздағы би бағдарламасында Қазақстанды Ева Шелаева мен Иван Соловьев жұбы таныстырады.

Жарыс 24-26 қазан күндері Грузияның Батуми қаласында өтеді.