Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың мәйіті табылды

Фото: Gemini ИИ

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында аула аумағынан 12 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға туралы жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Оның айтуынша, алғашында бала әткеншекте отырғандай көрінген. Алайда жақындап қарағанда оның беті көгеріп, аузынан ақ көбік шыққанын байқап, ата-анасына хабар берген.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылған. Дәрігерлер баланың қайтыс болғанын растады.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Ресми органдар әзірге оқиғаға қатысты толық ақпарат берген жоқ.